23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді«ҚазАвтоЖол» компаниясы еліміздің тағы екі облысында жолдардағы қозғалысқа шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарағанды облысы
2024 жылғы 12 қазанда сағат 19:30-да ауа райының бұзылуына байланысты Қызылорда-Павлодар автожолының 967-1135 шақырымында (Қарағанды қ. - Павлодар облысының шекарасы) және Қарағанды-Аягөз-Боғаз автожолының 17-217 шақырымында (Қарағанды қ. - Қарқаралы қ.) автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Павлодар облысы
Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты Қарағанды облысында Қызылорда-Павлодар автожолының 1135-1206 шақырым аралығындағы Қарағанды облысынан Шідерті ауылының шекарасына дейінгі учаскеде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Сонымен қатар компания Қостанай, Ақтөбе, Абай, ШҚО және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар жауу мүмкін екендігін, тиісінше жүргізушілерден қауіпсіздік ережесін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұрайды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады