Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБиыл еліміздің сыртқы сауда тауар айналымы айналымы 5,7%-ке өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл еліміздің сыртқы сауда тауар айналымы 79,5 млрд долларды құраған.
Экспорт 44,8 млрд долларды құрап, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 14,2 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 34,7 млрд долларды құрады. Жалпы, оң сауда балансы 10 млрд долларға тең. Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 3,1%-ке өсті. Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 28,1%-ке, оның ішінде автомобиль жасаудың – 42,2%-ке және электр жабдықтарын жасаудың 34,3%-ке өсуі қамтамасыз етілді, - деді вице-министр.
Өңдеу өнеркәсібі еліміздің 15 өңірінде өскенін, соның ішінде ең жоғарғы өсуді Алматы қаласы және Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай облыстары көрсеткенін атап өтті.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары