6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстан Су спорты түрлері федерациясының кезекті отырысы өтіп, спорттық ұйымның президенті Андрей Крюков өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдеді. Ол бұл қызметті 2019 жылдан бері атқарып келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, оның орнына Нұрлан Жақыповтың кандидатурасы ұсынылып, жиынға қатысушылар оны бірауыздан қолдады. Федерацияның вице-президенті болып Мират Өтепов сайланды.
Андрей Крюков әріптестеріне бірге атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, жаңа басшылық Қазақстандағы су спортын дамыту бағытын жалғастыратынына сенім білдірді. Өз кезегінде, Нұрлан Жақыпов халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың, спортшыларды даярлау жүйесін жетілдірудің және тұрақты спорттық резерв қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Айта кетейік, Қазақстан Су спорты түрлері федерациясы 1998 жылы құрылған. Федерация жүзу, су добы, әртістік жүзу, суға секіру және ашық суда жүзу спорт түрлерін қамтиды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі