Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСу ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік мәліметінше, 5 сәуір күнгі жағдай мынадай:
Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының су қоймаларында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды.
Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 176,4 текше метр, Сілеті су қоймасынан 151,74 текше метр, Шағалалы су қоймасынан секундына 12 текше метр су жіберілуде.
Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 477 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 453 текше метр су жіберілуде.
Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 742 текше метр су жіберілуде.
Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 8 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 2 текше метр су жіберілуде.
Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 219,4 текше метр су жіберілуде.
Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр, Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метрден су жіберілуде.
Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 1132,4 текше метр, Петропавл су қоймасынан 655 текше метр су жіберілуде.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді