Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліЕліміздің су қоймаларына 75 миллиард текше метр су жиналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 миллиард текше метрге артық. Сонымен қатар, жиналған судың 12 миллиардтан астамы – тасқын суы.
Салыстыру үшін: былтыр еліміздің ауылшаруашылығы саласына 14 млрд текше метр су жұмсалды. Ал, 2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы еліміздің қажеттілігі үшін жаратылған судың көлемі - 24,4 млрд текше метр.
Айта кетейік, Қазақстанның су қоймалары 89 млрд текше метр су жинай алады.
«Елімізде тасқын суын жинау жұмысы әлі жалғасып жатыр. Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Балқаш көліне 3,3 млрд текше метр, Каспий теңізіне шамамен 6 млрд текше метр су жіберілді», - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс