Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«Қазгидромет» РМҚ алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің көп бөлігінде солтүстік-батыс антициклонының ықпалы сақталып, ашық әрі жауын-шашынсыз күн райы күтіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тек республиканың солтүстік және шығыс өңірлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Сонымен қатар, ел аумағында желдің күшеюі, тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болжанып отыр.
Ауа температурасы бойынша түнгі уақытта солтүстік және орталық облыстарда 1-7 градус аяз, күндіз 4-16 градус жылы күтіледі. Шығыста түнде 5-13 градус аяз, күндіз 3-11 градус жылы болады. Қалған аймақтарда температура біртіндеп көтеріледі деп күтілуде.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек