6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер«Қазгидромет» РМК 27 мамырда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, еліміздің солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін.
Түнде Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде топырақ беті қатады, Түркістан облысының таулы аудандарында сынап бағаны 1-2 градус суықты көрсетеді деп күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Қызылорда өңірінің шығысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының орталығында өрт қаупі жоғары болады. Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, Түркістан облысының шөлейтті аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі