30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыШЫҰ конференциясы: еліміздің санаторийлік-курорттық мекемелері дәстүрлі емес емдеу әдістерін енгізуде, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК басшылығы дәстүрлі және интеграцияланған медицинаның GPW-13-ке қосқан үлесі жөніндегі конференцияға ШЫҰ-ға мүше елдерде денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамтуға қол жеткізу мәселесін талқылауға, сондай-ақ ШЫҰ-ның дәстүрлі медицина бойынша онлайн форматтағы көрмесіне қатысты. ШЫҰ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы B2B жанындағы конференцияның отырысы 2023 жылғы 2-3 наурызда Үндістанның Ассам штатындағы Гувахати қаласында өтті.
Конференцияда ҒЗИ директоры С. Қайыргелдина сөз сөйледі, оның баяндамасы Қазақстанның санаторийлік-курорттық және оңалту мекемелеріне арналды. Баяндамашы еліміздің әр өңірінде санаторийлік-курорттық ауруханаларда табиғи емдеу факторлары, соның ішінде қымызбен емдеу, шұбатотерапия және пантотерапия сияқты дәстүрлі емес емдеу әдістері қолданылатынын атап өтті.
Санаторийлік-курорттық сала денсаулықты сақтау мен қалпына келтіруді емдеудің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Негізгі міндет – қазақстандық санаторий қонақтарының денсаулығын, сұлулығы мен жастығын сақтау және қалпына келтіру болып табылады.
«Курортология және медициналық оңалту» ҒЗИ қоғамның мүдделі отандық институттарымен де, шетелдік әріптестерімен де әріптестік байланыстарды нығайтуды жалғастыруда.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды