Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыКәмелет жасқа жасқа толмаған қыздардың жүктілігі мен тұрмысқа шығуы туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігі сайттың ресми сауалына берген жауабында 2023 жылы ақпараттық жүйелердің мәліметі бойынша 2023 жылдың 11 айында Қазақстанда 18 жасқа толмаған 2105 қыз жүкті болғанын хабарлады.
11 мен 16 жас аралығында 97 қыз жүкті болып қалған. 2023 жылдың 11 айында жүкті болған 18 жасқа дейінгі қыздардың ең көп саны Түркістан, Маңғыстау және Алматы облыстарында тіркелгені хабарланды. 18 жасқа толмаған босанған қыздардың саны 1411 болған. 2023 жылдың 11 айында Қазақстанда 16 мен 18 жас аралығында 1 676 қыз жүкті болып қалған.
Сауалға жауап ретінде Ұлттық статистика басқармасы 2023 жылы 18 жасқа толмаған 866 қыздың тұрмысқа шыққанын, ал 18 жасқа толмаған 79 ұлдың үйленгенін айтты.
Айта кетейік, Қазақстанда 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскені үшін (зорлық-зомбылықсыз) қылмыстық жаза қарастырылған. Қылмыстық кодекстің 122-бабында көрсетілген.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар