13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҮкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында енгізілетін салауатты диета бойынша халықаралық ұсынымдарға сәйкес әзірленген Тамақтанудың жаңа стандарты мен көп нұсқалы үлгілік перспективалық мәзірді ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тамақтанудың жаңа стандарты дұрыс тамақтануға бағытталған, атап айтқанда семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және басқа аурулардың даму қаупін азайту мақсатында қантты 3,6 есеге, тұзды 5 есеге дейін азайтуды көздейді, — деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.
Министрдің айтуынша, бұл норма инфекциялық емес ауруларды, атап айтқанда, балалардағы семіздікті 15%-ға дейін, қант диабетін 20%-ға дейін, артериялық гипертензияны 18%-ға дейін және басқа да созылмалы ауруларды 15%-ға дейін азайтуға ықпал етеді.
Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, Тамақтану стандартында ас блоктары жоқ шағын жинақталған мектептер үшін мәзір көзделген, алғаш рет мектеп тағамдарына қанағаттану деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін Жеуге жарамсыздық индексі (ыдыстағы тамақ қалдықтары) ұғымы енгізілді.
Тамақтанудың жаңа стандарты білім беру объектілері мен мектепке дейінгі балалар объектілеріне қолданылады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды