Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесіп, шағып құрамда, одан кейін кеңейтілген құрамда бірқатар келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекетаралық кеңес отырысында трансшекаралық өзендердің су ресурстарын кешенді әрі рационалды пайдалану, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелері қозғалды.
Сонымен бірге екі елдің мемлекет басшылары бизнесті дамыту мәселесін қарастырды. Егер Қазақстан мен Өзбекстанның кәсіпкерлері тығыз жұмыс істеп, бизнесін дамытата болса, онда 43 млн доллар айналымы болатын жобалар жасалуы мүмкін.
Бұл жобаға Қазақстан Лифтшілерінің ұлттық қауымдастығының басшысы Ержан Егебаев та қолдау білдіріп отыр. Ол өзбекстандық әріптестерімен байланыс жасап үлгергенін, көрші елмен еліміздің лифт паркін тексеру үшін диспетчерлік орталық құру бойынша келісімге келгенін айтты.
Өзбекстанның «Технопарк» компаниясының бас директоры Сарвар Ахадов та Қазақстан кәсіпкерлерімен бірігіп жұмыс істеуге ынтызар болып отырғанын, жақын уақытта лифт өндіріс жолға қою үшін үлкен жұиыстың басталатынын ескертті.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?