Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәдениет және спорт министрлігі көпшілікке арналған кітапхана қызметкерлерін Анкара қаласындағы Президент Әкімшілігіне қарасты Ұлттық кітапханада біліктілік арттыруға жіберуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрлікке сілтеме жасап.
Оқыту шаралары аясында отандық кітапхана мамандары түрік кітапханаларының жұмысымен танысып, тәжірибе алмасады. Атап айтқанда, сирек басылымдар қорымен жұмыс істеу, реставрация тәжірибесі, кітапханадағы ақпараттандыру үрдісі, заманауи библиографиялық шаралар және т.б. бағыттар бойынша біліктілік арттырады.
Бүгінде қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіп бойынша тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мәдениет және спорт министрлігі жыл сайын еліміздің мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің алыс және жақын шетелдерде біліктілік арттыру шараларын ұйымдастырады. Осыған дейін мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың, музыкалық және драмалық театрлардың, костюм бутофориясы мен костюм аксессуарлары қызметкерлерін оқыттық. Бүгінгі күні қазақстандық кітапханалардағы сирек басылымдармен жұмыс істейтін және реставрация мамандарының біліктілігін арттыру аса маңызды болып отыр,- деді Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары