22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыКәсіби парашютші Олег Тощев ұшақтан парашютпен секіру кезінде көлемі 800 шаршы метр болатын Қазақстанның ең үлкен туын әуеде ашты. Ол еліміздің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
Республика күніне арналған «Ашық аспан» акциясы Іле Алатауы таулары аясында, Алматы облысының аумағында өтті.
«Тудың көлемі - 800 шаршы метр. Бұл ту Астананың басты флагштогында (450 шаршы метр) орнатылған тудан екі есе үлкен. Ол өте қысқа мерзімде - екі апта ішінде осы бірегей оқиға үшін арнайы жасалды. Бұл іс-шара аспанда ашылған ҚР ең үлкен туы ретінде Қазақстанның рекордтар кітабына енеді. Секірудің биіктігі 3000 метрді құрайды. Бұл ең танымал Шымбұлақ тау шаңғысы курортының деңгейінен жоғары», - деді іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі Тілек Каналин.
Ұйымдастырушылар акцияның мақсаты қазақстандықтардың патриоттық рухын нығайту, сондай-ақ, этносқа қарамастан бір-біріне деген толерантты қатынасты сақтау екенін айтты.
«Ту - бәрімізді біріктіретін мемлекеттік рәміз, бұл біздің Тәуелсіздігіміздің символы. Біз өз туымызға құрметпен қарауды, мемлекетімізге деген патриоттық сезімді нығайтуды қалаймыз», - деп атап өтті Тілек Каналин.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев