Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПолиция қызметкерлері терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген күдіктілерді ұстады. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
5 қараша кешкі уақытта Қызылорда облысы полиция департаментінің 102 пультіне ұялы телефоннан белгісіз адам қоңырау шалып, кенттердің біріндегі үйлер арасында жарылғыш зат жасырылғанын хабарлады. Оқиға орнына арнаулы және құқық қорғау органдарының мамандары жұмылдырылды.
Техниктер мен кинолог мамандар жүргізген тексеру кезінде жарылғыш заттың жоқ екендігі анықталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген полицейлер 39 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Белгілі болғандай, ер адам анасымен жанжалдасып, анасы үйінен кетіп қалған. Оны қайтару үшін күдікті мас күйде полицияға қоңырау шалып, бомба туралы жалған хабар берген, - делінген мәліметте.
Павлодар облысында да осыған ұқсас жағдай болды. 6 қараша таңғы уақытта Павлодар облысы полиция департаментінің 102 пультіне қала тұрғындарының бірі қоңырау шалып, облыс орталығындағы үйлердің біріне бомба қойылғанын айтқан. Ақпарат расталмады.
Тәртіп сақшылары 28 жастағы күдіктіні тез арада анықтап, құрықтады. Ер адам мас күйде болғаны белгілі болды.
Екі факті бойынша да Қылмыстық кодекстің 273-бабымен қылмыстық іс қозғалды (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау). Тергеу жүргізіліп жатыр.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?