13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАлдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Циклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей өңірлерде жауын-шашын күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде найзағайлы жауын-шашынмен қатар қатты жаңбыр мен бұршақ болжанып отыр.
Ауа температурасы өңірлер бойынша келесідей өзгермек:
Батыс Қазақстанда күндізгі температура 22–30 градустан 30–37 градусқа дейін жоғарылайды;
Солтүстік-батыста ауа 20–30 градустан 23–33 градусқа дейін көтеріледі;
Солтүстікте күн салқындап, 18–28 градус шамасында болады;
Орталық пен шығыста күн райы біршама төмендеп, 23–34 градустан 20–33 градусқа дейін түседі, кей аймақтарда бұрынғыдай 35–38 градусқа дейінгі аптап ыстық бәсеңдейді;
Оңтүстікте ауа температурасы 25–35 градустан 29–37 градусқа дейін көтеріледі;
Оңтүстік-шығыста 30–39 градусқа дейінгі аптап ыстық сақталады.
Мамандар найзағайлы сәттерде сақ болуға, ал дауыл және бұршақ кезінде ашық далада ұзақ жүрмеуге кеңес береді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды