Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЕліміздің әр аймағында балаларды психологиялық қолдау орталықтары мен бөлімшелері ашылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел кезінде айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері еліміз үшін балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қаншалықты маңызды екенін атап көрсетті.
Қазіргі уақытта өңірлік психологиялық қолдау орталықтарын дамыту және трансформациялау бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Министрліктің мәліметінше, бүгінде Астана және Алматы қалаларында, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында 9 психологиялық қолдау орталықтары мен бөлімшелері жұмыс істейді. Бұл бастама барлық ел аумағында жалғасын табатын болады.
Аталған іс-шаралар кешені өңірлерде психологиялық қолдау қызметтерін институционалды күшейтуге бағытталған. Ол өз кезегінде Қазақстанда балалардың психологиялық қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз:
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар