30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТанымал ресей жазушысы, мәдениет саласындағы Ресей Федерациясы Үкімет сыйлығының лауреаты, «Ясная поляна», «Большая книга» және Сербия Үкіметінің «Иво Андрич» атындағы сыйлықтарының иегері Гүзел Яхинаның «Самарқанға бағыт алған эшелон» атты романын «Фолиант» баспасы қазақ тіліне аударды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жазушы Гүзел Яхинаның еңбектері қазақ оқырмандарының жанына жақын. Себебі автордың еңбектеріндегі тізбектелген оқиғалар желісінің бірқатары қазақ жерінде өрбиді. Зұлмат жылдарда зардап шексе де, өмірге деген сенімділігі мен адамгершілігін жоғалтпаған кейіпкерлерден рухы бір бауырлас жандарды көреміз.
Сол себепті, әлем әдебиетінің озық туындыларын қазақ тіліне аударуда қарқынды жұмыс жасап жатқан «Фолиант» баспасы Гүзел Яхинаның «Зүлейханың оянуы» атты романын да қазақ тіліне аударып, талғамы мол оқырманға ұсынған болатын.
Аталған романдар қазақ тілді оқырмандардың қызығушылығын туғызып, әдебиетсүйер қауым тарапынан жоғары бағаланды. Себебі бұл еңбектерде қилы заманның қиындықтары ғана емес, ол қиындықтарға төзіп, жеңе білген тұлғалық қасиеттер көркем сипатталады. Соның ішінде, мұқалмайтын мінез, қайсар рух, ана мейірімі, сын сағатта сынып кетпейтін жүректілік, көзсіз тәуекелге баратын жанкештілік тәрізді ешқашан ескірмейтін адами құндылықтар суреттеледі.
Белгілі жазушы Гүзел Яхина 22-25 қараша аралығында Алматы қаласындағы «Ұлы Жібек жолымен» атты кітап көрмесіне қатысады. Бұл оқырмандар үшін автордың қолтаңбасын алып, жүздесуіне үлкен мүмкіндік.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды