2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЕртең, 5 қараша күні елдің төрт өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды алдын ала ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz.
Жаңбыр мен қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ, күшті жел мен бұрқасын соғады деп күтіліп отыр.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел шығысқа, солтүстікке ауысады, өңірдің таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының көп бөлігінде қар жаууы ықтимал, түнде өңірдің солтүстік-шығысына қалың қар түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін. Жел секундына 15-20 м/с оңтүстік-батыстан, түнде оңтүстік соғып, күндіз желдің жылдамдығы 23-28 м/с-ты құрайды. Петропавлда қар, көктайғақ, бұрқасын болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде таңертең және түнде тұман, көктайғақ болады деп болжануда. Оралда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ орын алады.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова