Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАстана мен еліміздің 11 өңірінде 30 қарашада дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп болжанады.
Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және орталығында да тұман болады деп күтіледі.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Көкшетауда 30 қарашада түнде және таңертең көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының шығысында тұман түседі деп болжанады.
Астанада 30 қарашада түнде және таңертең көктайғақ болады деп күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман болады деп күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман болады деп күтіледі.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында және орталығында да тұман түседі деп болжанады.
Түнде Павлодар облысында қар жауады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Павлодарда 30 қарашада түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады деп болжанады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсу ықтималдылығы жоғары. Петропавлда 30 қарашада тұман болады деп күтіледі.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек