2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚазгидромет 30 қазан күні бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде көктайғақ болжанады.
Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік- батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с-ке жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, 31 қазанда тәулік бойы облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Шымкент қаласында таңертең және күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең 29-30 қазанда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова