28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБүгін, 26 қазанда еліміздің он қаласында ауа сапасына теріс әсер етуі мүмкін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Синоптиктердің мәліметінше, ҚМЖ Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Семей, Риддер, Орал, Ақтөбе, Алматы қалаларында, сондай-ақ түнде Атырау мен Астанада байқалуы мүмкін.
Қолайсыз метеожағдайлар – ауа қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін табиғи құбылыстардың жиынтығы (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия). Мұндай жағдайда атмосфералық ауа сапасы төмендеп, адам денсаулығына кері әсер ету қаупі артады.
Мамандардың айтуынша, ластану деңгейіне әсер ететін негізгі факторлар – желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы.
Бұған дейін синоптиктер 26 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жаңбыр, тұман және екпінді жел болатынын да ескерткен.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?