30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазгидромет 28 қыркүйекте бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz.
28-30 қыркүйекте Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с солтүстік-батыс бағыттағы жел соғады.
Қарағанды облысында 28 қыркүйекте таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады.
Астана қаласында кей уақыттарда аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында батыстан жел соғады, 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Абай облысының солтүстігінде, батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Павлодар облысының оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
28-29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) 29 қыркүйекте облыстың солтүстік-батысында тұман түседі.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды