30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазгидромет 30 шілдеде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды El.kz
Белсенді оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер бұрынғысынша Қазақстанның бүкіл аумағына өз әсерін тигізеді.
Осыған байланысты солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Күн күркірейді, жел күшейеді.
Ақмола облысының солтүстік жартысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, түнде Қостанай облысының шығысында, күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз Жетісу, Түркістан, күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Абай облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші -9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде +14+16°С, күндіз +22+24°С градус болады.
Алматы қаласында көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші 3-8, найзағай кезінде екпіні 13 м/с. Ауаның температурасы түнде +20+22°С, күндіз +28+30°С болады.
Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +20+22°С, күндіз +32+34°С болады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды