Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап 2025 жылдың 27 сәуіріне дейін жаңа астық өнімінің экспорты 7,5 млн тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш 2023/2024 ауыл шаруашылығы жылының сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56%-ға артық, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
АШМ дерегінше, қазақстандық астықты Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдеріне жеткізу көлемі тұрақты түрде өсіп келеді.
Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт 29,7%-ға артып, 2,0 млн тоннадан 2,7 млн тоннаға дейін, Тәжікстанға — 50%-ға, 718 мың тоннадан 1 076 мың тоннаға дейін, Ауғанстанға — 33,8%-ға, 201 мың тоннадан 269 мың тоннаға дейін, Қырғызстанға — 2 есеге, 88 мың тоннадан 178 мың тоннаға дейін өсті, - делінген ведомство мәліметінде.
Иранға экспорт көлемі 16 есеге өсіп, 54 мың тоннадан 871 мың тоннаға дейін, Әзербайжанға — 111 есеге, 5 мың тоннадан 557 мың тоннаға дейін артты.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі