23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Соңғы екі жылда жеке инвесторлардың қаражатын тарту есебінен Қазақстанның ұлттық парктері мен басқа да табиғи орындарында 7 визит-орталық салынып, қолданысқа берілді. Бұлар: Аюсай, Түргенсай, Сартас, Шарын, Горельник, Медеу және Altynemel визит-орталықтары, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ертісай визит-орталығы – осындай алғашқы нысан. Халық арасында ұлттық саябақтарда келушілерге арналған орталықтар салудың экологиялық тиімділігіне алаңдаушылық білдіретіндер бар. Бірақ мұндай нысандар ағаш конструкциялардан жиналған модульдерден тұратын шағын құрылыс саналады. Негізі бетон қолданылмай, металл байламасы бар геобұрандалардан жасалады, - деді мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
ҚР МСМ мәліметінше, жақын арада Түрген және Бутаковка шатқалдарында да визит-орталық пайда болады.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда туризм саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың 7 тетігі бар. Атап айтқанда: әрбір шетелдік турист үшін туроператорлардың шығындарын субсидиялау, балалар үшін Қазақстан бойынша авиабилеттердің құнын субсидиялау, кәсіпкерлерге тау-шаңғы курорттарының жабдықтарын, көлік құралдарын сатып алу (25%), жол бойындағы сервис нысандарын салу, туристік нысандарды салу және реконструкциялау (10%) шығындардың бір бөлігін өтеу, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға арналған субсидиялар жатады (айына 83 300 теңге).
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік