Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекХалықаралық стандарттау ұйымының ISO 3166-2 стандартына сәйкес «KAZ» және «KZ» геокодтары ресми түрде Қазақстан Республикасын белгілейді. Бұл кодтар интернет домендерінде, мемлекеттік құжаттарда, есеп беру құжаттарында және нөмірлерде кеңінен қолданылады. Олар ел ішінде де, шетелде де танымал. Осыған байланысты Қазақстанда халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары үшін «KAZ» және «KZ» индекстері бекітілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«KZ» индексі бір өңірдің шегінде орналасқан республикалық маңызы бар 88 жол үшін қолданылады. Мәселен, Ақтөбе облысындағы «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» тасжолы KZ04-02 индексін алды. Онда көрсетілген «04» нөмірі – өңірді, ал «02» нөмірі – облыс шегіндегі жолдың реттік нөмірін көрсетеді. Жамбыл облысындағы «Меркі – Шу – Бурылбайтал» автомобиль жолы KZ08-04 деп белгіленді, мұндағы «08» – өңірді, ал «04» — облыс шегіндегі жолдың нөмірін білдіреді.
«E» және «АН» сияқты халықаралық келісімдер арқылы тағайындалған автомобиль жолдарының индекстері өзгеріссіз қалатын болады. Бұл халықаралық көлік жүйесіндегі жүйелілік пен транзиттік қозғалыс жайлылығын қамтамасыз етеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?