28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар2023 жылдың 9 айында еліміздегі қонақ үйлер туристерге 175,7 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36 пайызға артық. 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында еліміздегі орналастыру орындары туристерге 129,2 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Ал пандемияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда аталған көрсеткіш шамамен 2 есе өсті.
Қазіргі таңда еліміз бойынша барлығы 4 мыңнан аса туристік орналастыру орны бар. Олардың қатарына қонақ үйлер, мотельдер, пансионаттар, балалар лагерьлері, кемпингтер, жатақханалар, демалыс үйлері және басқа да орындар кіреді.
Комитет елімізге келетін қонақтарға қолайлы жағдай жасау, орналастыру орындарының ассортиментін кеңейту және туристік қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастырады. Қолға алынып жатқан нақты істер келушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға ғана емес, туризм саласындағы экономикалық өсуді қолдауға да бағытталған. Сонымен қатар олар Қазақстан беделін түрлі және сапалы орналасу нұсқалары бар туристік бағыт ретінде нығайтуға септігін тигізеді, - деп атап өтті ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының м.а. Нұртас Кәріпбаев.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?