Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҰлттық статистика бюросының дерегінше, елімізде тіркелген көліктердің 48,9 пайызы 20 жыл бұрын шығарылған, деп хабарлайды El.kz.
Аталған органның дерегінше, қазақстандықтардың тек 6,8 пайызы шығарылған мерзімі 3-7 жыл аралығындағы көліктерді мінеді.
«2022 жылғы маусымда Қазақстанда 95 801 жеңіл көлік есепке қойылды. Бұл – былтырғымен салыстырғанда 6,5 пайызға аз. Жалпы, ел бойынша 3 млн 907,2 мың көлік бар. Жеңіл автомобильдер Алматы облысында көп. Онда 501,5 мың көлік тіркелген. Одан кейін тізімде Алматы (463,7 мың көлік) және Нұр-Сұлтан (285,4 көлік) қалалары тұр. Ал, жеңіл автомобильдер ең аз өңір – Қызылорда облысы. Аталған аймақта 97,3 мың көлік тіркеуге алынған», - деп мәлім етті Ұлттық статистика бюросы.
Елімізде тіркеуге қойылған теміртұлпарлардың 86,7 пайызы бензинмен жүрсе, аралас отынмен жүретін көліктердің үлесі – 9,1 пайыз.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс