Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгін Астанада Бибігүл Төлегенова атындағы жеке мектеп ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі forbes.kz сайтына сілтеме жасап.
Ашылу салтанатына аты аңызға айналған опера әншісі өзі де қатысты. Ал мектеп бойынша экскурсияда оны Димаш Құдайберген ертіп жүрді.
Айта кетейік, мектеп 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін халықаралық және қазақстандық білім стандарттарына сай қазақ және орыс тілдерінде білім бермек.
Мектептің ерекшелігі - мұнда оқушылар сапалы біліммен қоса креативті мамандық игереді. Оқу ордасы 4 факультетке бөлінген және 40 тақырыптық кабинеттен тұрады.
Мәселен білім ордасында ұлттық аспаптар кабинеті және оркестр кабинеті сияқты дәстүрлі бағыттар, сондай-ақ ең жаңа технологиялық кеңістіктер, яғни дыбыс жазу студиясы, сән дизайны зертханасы, ART галереясы, анимациялық студия, ойын зертханасы, виртуалды шындық және жасанды интеллект кабинеттері де бар.
Сондай-ақ оқушылар инженерлік және жаратылыстану-математикалық пәндерді, 3D модельдеу мен робототехниканы оқи алатын STEM зертханасы да қарастырылған.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары