Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЕліміздің 7 өңірінде 34 республикалық маңыздағы тасжол учаскесі жабық, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ақмола өңірінде Астана-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау тасжолының Қабанбай батыр ауылы мен Қарағанда өңірі шекарасы аралығы жабық тұр.
Жетісу өңірінде Үшарал-Достық күре жолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралығы жабық. Сонымен қатар, Алматы-Өскемен тасжолының Үшарал қаласы мен Шығыс Қазақстан өңірі аралығы жабылды.
Шығыс Қазақстан өңірінде 15 жол учаскесі жабылды. Олардың қатарында Омбы-Майкапшағай, Семей-Қайнар, Алматы-Өскемен, Таскескен-Бахты тасжолдары бар.
Жамбыл өңірінде Алматы-Ташкент-Термез тасжолының Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейінгі аралығы жабылды.
Қарағанды өңірінде тоғыз күре жолдың учаскелері әлі де жабық тұр. Шектеу Қарағанды мен Балқаш арасында, Ақмало өңірінің шекарасынан Теміртау қаласынк дейінгі аралықта, Қарағанды мен Павлодар арасында,Бастау ауылы мен Теміртау арасында енгізілді.
Қостанай өңірінде Ұлытау өңірінің шекарасынан Арқалық қаласына дейінгі аралық жабық тұр.
Павлодар өңірінде Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі аралық, Қалқаман ауылынан Қарағанды өңірінің шекарасына дейінгі аралық, Кенжекөл ауылынан Абай өңірінің шекарасына дейінгі аралық, Ақсу қаласынан Абай өңірі шекарасына дейінгі аралығы жабық.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек