Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекҚазақстанда 23 қыркүйекте көру қабілеті нашар спортшылардың қатысуымен велошеру басталады. Акция мақсаты авто көліктерді велосипедке айырбастауға үндеу. Сондай-ақ, жергілікті халықты бұқаралық спортпен айналысуға шақыру, дейді ұйымдастырушылар. Бұл туралы Алматыда өткен күзгі велошеру кезінде «Шекарасыз спорт» арнайы тобының жетекшісі Бақтияр Базарбеков хабарлады.
- «Шекарасыз спорт» жобасы аясында Қазақстанда ерекше велошеру өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл айтулы шерудің негізгі қатысушылары көзі нашар көретін және көрмейтін спортшылар болмақ. Алматыдан басталған шеру Балқаш, Қарағанды, Теміртау қалаларын басып өтіп, ел ордасы Астанаға келіп тоқтайды. Осылайша өзгелерді шабыттандырғымыз келеді,-дейді ол.
Өткен жексенбі Алматы қалалық спорт және дене тәрбиесі басқармасының ұйымдастыруымен «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында күзгі велошеру өтті. Мыңға жуық қала тұрғыны 9 шақырым қашықтықты жүріп өтті. Мәреге алғашқы болып жеткен белсенді қатысушылар әртүрлі марапат пен сыйлықтарға ие болды.
Биыл 10 сәуірден басталған дәстүрлі велошеру қазан айының ортасына дейін жалғасады. «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өтіп жатқан жоба бұқаралық спортты дамыту мен спорттық демалысты насихаттауға бағытталған.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес