Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы қаңтарда 1,1% өсті, хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың қаңтарында тұтыну бағасының айлық индексі өткен аймен бірдей – 0,8% құрады. Ақылы қызметтер – 0,7%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 0,5%-ға өсті. Жылдық есеппен алғанда қаңтарда инфляция 9,5%-ды құрады.
Қаңтар айында азық-түлік тауарларының бағасы өсті:
қызанақ – 18,5%-ға;
қияр – 14,9%-ға;
тәтті бұрыш – 12,1%-ға;
сарымсақ – 7,4%-ға;
банан – 6,7%-ға;
жұмыртқа – 5%.
Арзандады:
күнбағыс майы – 1,7%-ға;
қант – 1,4%-ға;
пияз – 1,3%-ға;
сәбіз – 1,1%-ға.
Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Атырау облысында – 1,2% (орташа республикалық деңгейден 0,4 пайыздық тармаққа жоғары), ең төменгісі – Ұлытау және Қызылорда облыстарында (әрқайсысы 0,5%) тіркелді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары