Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСенат депутаты Әлішер Сатвалдиев болашақ журналистердің білім алуына қатысты мәселені қозғап, Ғылым және жоғары білім вице-министріне сұрақ жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Фактілер жеткілікті болғанымен, сары баспасөзге тән материалдар көбейгені байқалады. Аналитикалық материалдар өте аз. Бұл жағдай журналистерді дайындау процесінде олқылықтар барын білдірмей ме? Болашақ журналистер ЖОО-ларда заманауи талаптар мен бүгінгі қалыптасқан жағдайдың шынайы болмысы туралы білімді қаншалықты толық алып жатыр? Олардың оқу бағдарламаларын қайта қараудың қажеттілігі бар ма? - деп сұрады депутат.
Дархан Ахмед-Заки қазіргі таңда журналистика бағыты бойынша 35 ЖОО-да дайындық жүргізіліп жатқанын айтты.
Бұл салада 5700-дей адам оқып жатыр. Бакалавриатта – 5300, магистратурада – 295, докторантурада – 47. Ал мемлекеттік тапсырыс бойынша 1800 адам білім алып жатыр. Біздегі оқу бағдарламаларының реестрі ішінде 105 оқу бағдарламасы тіркелген. Бакалавриат бағыты бойынша – 66, магистратурада – 32. Қазір журналистерге қойылған талаптар кәсіби стандарттар арқылы жүзеге асады, - деп атап өтті ол.
Вице-министрдің сөзінше, оқу бағдарламаларын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл бағытта шетелдік серіктестермен бірге де оқу бағдарламаларының ішкі мазмұнын жаңарту жұмыстары жалғасады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?