18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?ІІМ жүргізушілердің масаңдығын тексерудің жаңартылған ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
16 қыркүйектен бастап жүргізушілердің масаңдығын тексерудің ережелері жаңартылды. Бұл ережелер Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 796-бабы бойынша жүргізілетін әкімшілік өндірістің аясында ғана қолданылады. Бұл норма басқару құқығынан уақытша айыру және масаң күйде болатын жүргізушілерді ғана тексеруді көздейді.
Сондықтан жаңартылған ережелер тек көлік құралын басқарушыларға қатысты. Жаяу жүргіншілер мен жол жүрісінің басқа қатысушыларына жаңа талаптар енгізілген жоқ. Сондай-ақ процедураның өзі бұрынғы қалпында қалып отыр - түпкілікті өзгерістер жоқ. Бір ғана жаңалық - бекітілген нысанның түрі: бұрын ережелер Үкімет қаулысымен бекітілген болса, енді олар ІІМ бұйрығы арқылы бекітіледі, - деп жазылған ІІМ ақпаратында.
Бұл децентрализация және бюрократиядан құтылу саясатының аясында жасалған.
осылайша мұндай құжаттарды қабылдау тәртібін оңайлатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жүргізуші арнайы құралдармен, мәселен алкотестермен масаңдық дәрежесін тексеруден бас тартуға немесе медициналық ұйымында тексеруді жалғастыруға құқылы екенін еске саламыз, - деді ІІМ баспасөз қызметі.
Өз кезегінде, масаңдықтан тексеруден жалтару немесе бас тарту ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 4-бөлігінде көзделген әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін негіз болмақ.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр