Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҰлттық статистика бюросы Қазақстандағы жұмыспен қамтылғандардың статистикасын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бюро мәліметінше, 2024 жылғы III тоқсанда әртүрлі салаларда 9 233,8 мың адам жұмыспен қамтылды, олардың 7 020,1 мыңы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76%) жалдамалы қызметкер болса, 2 213,7 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 24%) – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 65,2% құрады.
Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады. 15-34 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,1% құрады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2024 жылғы қазан айының соңына 298,9 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 3,1%-ын құрады, - делінген мәліметте.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары