Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКөлік министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі және Қазақстан жол ғылыми зерттеу институтының бірлескен жұмысының нәтижесінде елімізде «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша жеке бағдарлама қайта жанданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік министрлігінің мәліметінше, бұрын-соңды жүргізілген талдауға сәйкес, қазір жол саласында 1,5 мыңға жуық маман жетіспейді. Осылайша автожол саласындағы кадр тапшылығының жүйелі проблемаларының бірін шешу үшін білікті жолшыларды даярлау бағытына биыл мыңға жуық мемлекеттік білім беру гранты бөлінеді.
Айта кетерлігі, ҚазжолҒЗИ кадрлар тапшылығы мәселесін шешу мақсатында өткен жылы жол саласы мамандарының цифрлық банкін құрған болатын.
Jolshy базасында жол саласының барлық маманы – ЖОО түлектері, тіпті автожолдарды салу және жобалау мен пайдалану саласында жұмыс істейтін ардагерлер туралы да ақпарат қамтылады. Атап айтқанда, мамандардың біліктілігі, олардың жұмыс тәжірибесі, біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттардың болуы және басқа да мәліметтер көрсетіледі, - делінген мәліметте.
Бүгінгі таңда база толықтырылып жатыр. Сонымен бірге басқа мемлекеттік жүйелермен интеграция жүргізілуде. База жақын арада тәжірибелік пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары