20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҰлттық статистика бюросының мәліметінше, маусым мен шілде айларында ішкі су көлігімен 142,2 мың адам тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 78,6% артық. Өткен жылдың маусым-шілде аралығында 79,6 мың жолаушы көліктің осы түрін пайдаланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Барлық қатынаудағы жолаушыларды тасымалдаудан түскен кіріс 318,1 млн теңгені құраған.
Айта кетейік, ішкі су қатынасы Абай, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана қаласында бар. Ішкі су көлігіне жолаушылар кемелері мен серуен қайықтары жатады.
Ал жаздың екі айында жолаушыларды теңіз көлігімен тасымалдауда 8,4% төмендеу байқалған. Биыл маусым-шілде айларында 23,8 мың адам тасымалданды. Өл өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 26 мың адам болған.
Қазақстанда теңіз көлігі Атырау және Маңғыстау облыстарында бар.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?