29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚызылордада жасанды интеллект қолданылатын жобалар қылмыспен күресте нақты нәтиже беріп отыр. Облыстық прокуратура хабарлауынша, «IT TERGEU» және «Смарт білезік» бағдарламаларының арқасында қайта қылмыс жасау деңгейі 60%-ға, жалпы қылмыстылық 6%-ға төмендеген, ал қылмысты ашу көрсеткіші 3%-ға артқан, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«IT TERGEU» жобасы тергеу процесінде жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін пайдаланып, қылмыстарды жылдам анықтауға бағытталған. 2024-2025 жылдар аралығында осы жүйе арқылы 832 қылмыскер қолға түскен, іздеуде жүрген 33 адам табылған, 595 жоғалған адамның орны анықталған. Сонымен қатар 170 жасөспірім ата-анасына қайтарылған.
«Смарт білезік» жобасы пробациядағы азаматтарды электронды бақылау арқылы қайта қылмысқа баруын азайтуға мүмкіндік береді. Жоба іске қосылғаннан бері есепте тұрғандардың қайта құқық бұзу көрсеткіші 39%-ға төмендеген.
Осылайша, Қызылордадағы цифрлық жүйелер қылмысты алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға нақты үлес қосып отыр.
Бұған дейін ЖИ-дің отандық медицина мамандарына да көмегін тигізіп жатқанын хабарлаған едік.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек