Елімізде жаз басталғалы 117 адам суға батып кетті

31 Шілде 2023, 15:53 1046

Биыл 1 маусымнан бері 117 адам суға батып кеткен. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор Ұларбек Абыкеев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жыл басынан бері суға батқан 161 адам құтқарылды. Оның ішінде кәмелет жасына толмағандар саны – 56. Суға батудың басты себептерінің бірі – көпшіліктің суға түсу ережесін сақтамауы. Суға бату жағдайларының 97 пайызы жабдықталмаған жерлерде, көбінесе тыйым салу белгілері орнатылған жерлерде болды, – деді генерал-майор.

Оқи отырыңыз:

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі қазақстандықтарды рұқсат етілген, жабдықталған және қауіпсіз су айдындарында демалуға шақырды.

Үш жылдың ішінде 1100 адам, оның ішінде 321 бала суға батқан. Маңғыстау облысында 24 шілде күні болған жағдайды еске сала кетейік. Суға түсу ережесін сақтамағандықтан, Каспий теңізіне барған үш қыз үрмелі матраспен теңіз жағасынан 22 километр қашықтыққа дейін алыстап кеткен. Жергілікті органдардың жүргізген жұмысының нәтижесінде қыздар құтқарылды, - деді ол.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: