22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕліміздің әрбір өңірінде жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға бағытталған «Жасыл ел» жобасы өз жұмысын бастады. Биыл 33 мыңнан астам жасты маусымдық жұмыспен қамту жоспарланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жоба аясында жастар өзінің тұрғылықты жерін көгалдандыруға қатысып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосады. Сонымен қатар, маусымдық жұмыспен қамту және су тасқыны болған аймақтарға көмек көрсету мақсатында «Ауыл» партиясы жанындағы «Ауыл жастары» жастар қанаты құрылыс жасақтарын іске қосты.
Қазіргі уақытта, Солтүстік Қазақстан облысында 40-қа жуық жас табиғи апаттан зардап шеккендерге тұрғын үй салуға қолғабыс етуде.
Жастарды маусымдық жұмыспен қамту жұмыстары бойынша сұрақтар туындаған жағдайда Өңірлік жастар ресурстық орталықтарына жүгінуге болады.
Айта кетейік, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының қызметі жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев