20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОлжас Бектенов жас мамандарды ғылымға тарту үшін университеттердегі ғылыми зерттеулерді белсенді дамытуды тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғылымды дамыту және цифрландыру мәселелері қаралған Үкімет отырысында аталған саланы дамыту жөніндегі дәйекті жұмыстың нәтижелері атап өтілді.
Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті салааралық үйлестіру мақсатында 2024 жылы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа Заң қабылданды.
Сонымен қатар бизнестің ғылымға инвестиция салуын ынталандыру үшін 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық жеңілдіктері енгізілді.
Ғалымдарды әлеуметтік қолдау бағытына ерекше көңіл бөлініп келеді. Премьер-министр жас мамандарды ғылыми ортаға тартудың маңыздылығын атап өтті.
Ғылымның басым бағыттары бойынша іргелі зерттеулермен айналысатын ғалымдар тікелей қаржыландыруға ие болды. Жыл сайын 250-ден астам жас ғалым әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтеді. Докторантура бағдарламалары бойынша оқуға мүмкіндік беретін білім беру гранттарының саны артып келеді. Жастардың ғылымдағы үлесі айтарлықтай өсіп, бүгінде ол 46%-ды құрап отыр.
Жастарды одан әрі ғылымға тарту үшін университеттердегі ғылыми зерттеулерді белсенді дамыту қажет, - деп атап өтті Олжас Бектенов.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?