6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқпан айында «Enbek» электрондық еңбек биржасында 121,8 мың бос жұмыс орны туралы мәлімет және 132,3 мың түйіндеме орналастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ЕХӘҚМ мәліметінше, өткен аймен салыстырғанда бос орындар саны 23,2%-ға, ал түйіндеме саны 31%-ға (-59,6 мың) азайды.
Осылайша, ең көп бос жұмыс орындарын ақпарат және байланыс (40,9 мың), білім беру (26,6 мың) және денсаулық сақтау (9,3 мың бос жұмыс орны) салаларындағы кәсіпорындар орналастырды. Бұл ретте денсаулық сақтау саласында санитарлар (1,5 мың) және медбикелер (1,3 мың бос жұмыс орны) барынша сұранысқа ие болды.
Жалақыға келетін болсақ, ең жоғары жалақы бас құрылысшыларға (орта есеппен 663 мың теңгеден бастап), телекоммуникациядағы жоба жетекшілеріне (~653 мың теңге) және өнімді әзірлеу жөніндегі басшыларға (~625 мың теңге) ұсынылды. Сонымен қатар IT-бөлімшелер басшыларының (орта есеппен 1,3 млн теңгеден бастап), энергожүйе инспекторларының (~1,3 млн теңге) және геофизиктердің (~1,2 млн теңге) позицияларына үміткер ізденушілер ең жоғары жалақыны сұрады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі