23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚостанай облысының оңтүстік өңірі - Пржевальский жылқыларының тарихи мекені саналады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан мен Чехия мамандарының бірлескен жемісті жұмысы бұл жылқылардың тарихи мекеніне оралуына ықпал етеді.
Қазақстан мен Чехия мамандарының жемісті ынтымақтастығының арқасында екі республика арасындағы Халықаралық келісім шеңберінде Қостанай облысына (Амангелді және Жангелді аудандарына) осы сирек кездесетін 40 жануарлар қайта жерсіндірілетін болады.
Пржевальский тұқымды 8 жылқысының бірінші партиясы 2024 жылдың 4 маусымында "Алиби" реинтродукция орталығына (Амангелді және Жангелді аудандары) жеткізілді. Олар Чехиядан Арқалық әуежайына екі әскери ұшақпен әкелінген болатын.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов атап өткендей, өңір Бетпақдаладағы ақбөкендер популяциясын қалпына келтіре алды. Енді Пржевальский тұқымына назар аударылатын болады.
Біз биліктің, ғалымдардың және бей-жай қарамайтын адамдардың бірлескен әрекетінің арқасында Пржевальский тұқымды жылқылары Қостанай облысы фаунасының ажырамас бөлігіне айналады, ал олардың ұрпақтары бізді ғасырлар бойы өзінің сұлулығымен және ұлылығымен қуантады деп сенеміз, - деді ол.
Пржевальский жылқыларын реинтродукциялау – Қазақстанның биоалуантүрлілік қауымдастығының бастамасымен қолға алынғанын айта кеткен жөн.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады