Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2026 жылдан бастап Қазақстанда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) қаражат алуға арналған ең төменгі жеткілікті шектері (ЕТЖШ) орта есеппен 10%-ға өсті. Бұл өзгеріс зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын сақтау мақсатында енгізілді, деп жазады Еl.kz интернет порталы.
Қазіргі таңда қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге немесе инвестициялық басқаруға беруге пайдалана алады. Алайда азаматтар барлық жинағын емес, тек міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан және ЕТЖШ-тен асатын артық бөлігін ғана шешіп ала алады.
ЕТЖШ енгізілуінің негізгі мақсаты – зейнетақы жүйесінің басты қызметін, яғни болашақта азаматты зейнетақымен қамтамасыз етуді сақтау. Сондықтан қаражат алынғаннан кейін шотта белгілі бір «қорғалатын сома» қалуы тиіс.
ЕТЖШ мөлшері азаматтың жасына тікелей байланысты: жасы ұлғайған сайын, зейнетақы жинағының қажетті ең төменгі көлемі де арта түседі. Бұл — зейнет жасына жақындаған адамдардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Айта кетейік, ең төменгі жеткіліктілік шектері ең төменгі зейнетақының және күнкөріс минимумының өсуіне байланысты кезең-кезеңімен қайта қаралып отырады. 1 қаңтардан бастап бұл көрсеткіштер 10%-ға артқан болатын, соған сәйкес ЕТЖШ те ұлғайды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?