Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарТуризм және спорт министрлігі мен Қаржылық мониторинг агенттігі әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізіп, заңсыз лотерея ұйымдастырғандарды анықтады. Нәтижесінде 2024 жылдың ақпанынан бері 106 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 46 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңына сәйкес, лотерея операторы немесе оның агенті болмаған адамдарға лотерея өткізуге тыйым салынады. Лотерея қызметін заңсыз ұйымдастыру бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 445-1-бабына сәйкес, мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған. Егер рұқсатсыз лотерея ұйымдастырылса, заң бойынша 100-ден 2 000 АЕК-ке дейін айыппұл салынады, ал түскен табыс тәркіленеді.
Туризм және спорт министрлігі азаматтарды әлеуметтік желілерде заңсыз лотерея ұйымдастырмауға және оларға қатыспауға шақырады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?