15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыҚоғам белсенділері вандализмге қарсы петиция жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Вандализм — өнер, мәдениет туындысын, тарихи ескерткіштерді, молалар мен діни ғимараттарды, табиғат нысандарын, қоғам мен мемлекет меншігіндегі басқа да мүлікті қасақана қирату. Мұндай нысандардың сыртына таңба, сурет салу, шимайлау, лас нәрсе жағу, қайтыс болған адамның сүйегін қорлау да вандализмге жатады.
2023 жылы вандализмнің 1200 фактісі анықталды. Олардың назардан тыс қалғаны қаншама?! Ыбықты Сай, Жұмбақтас, Тамғалы Тас орындарының және Сарайшық қалашығының жағдайы көңіл құлазытады. Адамдар өздерінің аттарын үлкен әріптермен жазып кетеді. Ал мұның барлығы тарихи мекен, олар үшін – біз жауаптымыз. Соны түсінтіндер қатары азаяр емес.
Мысалы, бір ғана Алматының өзінде жыл басынан бері тәртіп сақшылары қала меншігіне – қоқыс жәшіктеріне, ойын алаңдарына залал келтірудің 175 дерегін анықтады, оның ішінде 52-сін кәмелетке толмағандар жасаған.
Одан қалды зираттардағы қоршауларды ұрлау да жиілеп кеткен.
Осы орайда қоғам белсенділері бірқатар нақты шара қабылдап, вандализмге қарсы петицияға қол қоюға шақырды:
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады