Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлімізде туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистикалық бюросының мәліметінше, 2024 жылдың 12 айында Қазақстанда 365,9 мың бала дүниеге келді, оның ішінде 51,6% ұлдар, 48,4% – қыздар. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 388,4 мың болған.
Бюро дерегінше:
қалалық жерде - 219,1 мың сәби немесе жалпы туғандардың 59,9%;
ауылдық жерде - 40,1%, яғни 146,7 мың бала дүниеге келген.
Былтыр жалпы туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 18,15-ті құрады, ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 1000 адамға 19,52 болған.
Туу көрсеткішінің ең жоғары деңгейі:
Түркістан облысы;
Маңғыстау облысы;
Шымкент қаласында байқалған.
20 жасқа дейінгі қыздар өткен жылы 11,9 мың баланы дүниеге әкелсе, 50 жастан асқан әйелдер 100 сәби босанған.
Сонымен қатар 2024 жылы аналардың орташа жасы 29,8 жас болды.
Аталған кезеңде 3 721 егіз, 46 үшем дүниеге келген.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?