10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы2024 жылдың бірінші жартыжылдығында өнеркәсіптегі қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 20%-ды, ал коммуналдық қалдықтар үлесі – 22,5%-ды құрады. Бұл туралы ЭТРМ мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президенттің тапсырмасы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) қайта өңдеуге арналған зауыттар салу бойынша 232 млрд теңгеге 94 жоба мақұлданды, оның ішінде 136 млрд теңгеден астам сомаға 22 жоба алдын ала мақұлданды. Бұл шаралар қайта өңдеу көлемін жылына 1,2 млн тоннаға арттырады деп күтілуде, - делінген мәліметте.
Елімізде 3 016 полигон бар, оның 21%-ы талаптарға сәйкес келеді. Жағдайды жақсарту үшін қолданыстағы ТҚҚ полигондарына қойылатын талаптарды оңайлату тетігі бекітілді, заңдастыруға жататын полигондарға қойылатын критерийлер мен ең төменгі талаптар белгіленді.
Қоқыс шығарушы ұйымдарды GPS-трекерлер жүйесіне қосу бойынша жұмыс жалғасуда, бұл қоқыс шығаруға мониторинг жасау мен қадағалауды жақсартуға ықпал етеді. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында ғарыштық мониторинг аймағы рұқсат етілмеген полигондарды анықтау және жою үшін жеті елді мекенге кеңейтілді. «Е-құрылыс» ақпараттық жүйесінде құрылыс қалдықтарын қадағалау тетігі енгізілді, бұл құрылыс қалдықтарын тиімді басқаруға және оларды заңсыз орналастырудың алдын алуға мүмкіндік береді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді