Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКейінгі 4 айда елімізде әуе көлігімен тасымалданған жолаушылардың саны 38%-ды құрап, 3,6 млн адамға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткізілген отандық авиацияны дамыту мәселелеріне арналған баспасөз жиынында айтылды.
Республикалық БАҚ-ның сұрақтарына ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду, сондай-ақ Air Astana, SCAT және Qazaq Air компанияларының өкілдері жауап берді.
Ведомство өкілдері атап өткендей, қазір Қазақстанның әуе тасымалы нарығында жолаушылар ағыны толығымен қалпына келіп, тұрақты өсім байқалып келеді.
Еліміздегі ұшу қауіпсіздігінің стандарттары 82%-ға тең. Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш, сондай-ақ орташа әлемдік өлшемнен 15%-ға және еуропалықтан 5%-ға жоғары. Яғни Қазақстан Дания, Польша, Португалия сынды Еуропалық одақ елдерімен бір деңгейде тұр, - деді Талғат Ластаев.
Айта кетерлігі, ішкі әуе тасымалдарын 5 қазақстандық компания жүзеге асырып келеді. Аптасына 56 әуе бағыты бойынша 706 рейс орындалып жүр.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?