Кеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады2025 жылғы сәуірде Қазақстанда алғаш рет 184,7 мың автокөлік құралы тіркелген. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Оның ішінде ең көп тіркелген көлік түрі – жеңіл автомобильдер (153,3 мың бірлік). Сондай-ақ жүк көліктері – 11,3 мың, автобустар – 1,5 мың, ал мотокөліктер – 18,6 мың бірлікті құрады.
Мамыр айының басындағы жағдай бойынша елдегі тіркелген автокөлік саны 6,2 миллионнан асып, 6 176 мың бірлікке жетті. Бұл көліктердің 86,5%-ын жеңіл автомобильдер, 9,7%-ын жүк көліктері, ал қалған 3,8%-ын автобустар мен мотоциклдер құрайды.
2025 жылғы 5 сәуірден бастап жылдамдығы 50 км/сағ дейінгі мопедтерді міндетті тіркеу тәртібі енгізілгеннен кейін мотокөліктердің тіркелуі күрт артты. Бір ай ішінде 18,6 мың мотокөлік есепке алынып, жалпы саны 115,8 мың бірлікке жетті.
Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәлімет бойынша, мотокөліктердің басым көпшілігі (110,3 мың бірлік) бензинмен жүреді. Бұдан бөлек:
Сарапшылар пікірінше, мопед пен электросамокат секілді жеңіл мотокөліктердің танымалдығы артқан. Бұл үрдіс әсіресе қала тұрғындарының көлікке деген сұранысы мен экологиялық тазалыққа деген қызығушылығының өскенін көрсетеді.
Кеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?